Ақтөбеде студент қыз жоғалып кетті
Ақтөбеде 16 жастағы студент қыз жоғалып кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

"Полицияға “102″ телефонына 1972 жылы туған қыздың әкесі жүгінді. Әкесі 2003 жылы туған Ақтөбе мұнай және газ колледжінің 1 курс студенті Батима Амандықтың 25 мамыр күні сағат 11-00-де отбасылық жанжалдан кейін үйден кетіп, оралмағанын айтты", - делінген ресми хабарламада. .
Жоғалған қыздың белгілері: бойы 155-160 см, орта денелі, ұзын шашы қоңыр түсті, бетінде секпілдер бар; үстіне қара түсті футболка, ашық көк түсті джинсы шалбар киген, аяғында ақ түсті кроссовка. Өзімен бірге ұялы телефоны болған жоқ. Үйден бұрын соңды кетпеген.
"Жоғалған қыз туралы ақпаратты білетін тұрғындарды 8776 546 66 66 немесе “102″ телефоны арқылы хабарлауыңызды сұраймыз", - деп қосты полицейлер..
Талқылау
Үй алудың жаңа мүмкіндіктері: Алдағы уақытта қандай тұрғын үй бағдарламалары іске қосылады
Айта кетейік, қараша айында "Наурыз" және "Наурыз Жұмыскер" бағдарламалары бойынша өтініш қабылдау қайта басталады
"Жастар практикасы" арқылы жұмыс таптым": Қазақстандық колледж түлегі кілем фабрикасында еңбек жолын қалай бастағанын айтып берді
Бағдарламаға қатысушылардың басым бөлігі қыздар екен