Қаза болған оқушы оқыған мектеп директоры: Баланың өмірі маңызды ма әлде ит пе
Ақтөбенің Есет батыр ықшам ауданындағы құрылыс алаңында 12 жастағы баланың денесі табылған болатын. Марқұм жеткіншек оқыған мектептің директоры оқиға туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Диапазон" басылымына сілтеме жасап.

Алдын ала мәлімет бойынша, балаға бір топ иттер шабуылдаған. Бала 6-сыныпта оқитын.
"Ақпарат маған сағат 23:00 шамасында түсті. Бірден 3-шағын ауданға жеттім. Мені кіргізбеді. Балаларымызды ата-аналар арқылы, чаттар арқылы іздей бастадық. Бір бала үйде жоқ екенін білдік. Баланың кім екені анықталды. Бала 6-сыныпта оқитын болып шықты. Анасы баласын тануға барып, бізжің оқушымыз екенін білдік. Бұл алғашқы жағдай емес. Осыған дейін де балаларды ит талаған жағдайлар тіркелген. Бірақ күшіне енген заң аясында иттерді атуға шектеу қойылып отыр", – дейді мектеп директоры Абзал Тәжімішев.
Бұған дейін басқа баланы да тістеп ала жаздаған жағдайлар тіркелген.
Қазақстандық компания қазақ тілінде баяндама жасаған қызметкерді жұмыстан қуды деп айыпталды
Қызметкердің жұбайы жұмыс берушіден түсініктеме талап етті
"Қолынан сүйіп, денесін ұстаған": Алматыда 15 жастағы қыз такси жүргізушісінің әрекетінен шошып қалған
Қыздың адвокаты істі қылмыстық тұрғыда тексеруді сұрады