Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде күйеу жігіт бойжеткенді отбасымен таныстыруға алып кеткен: Одан кейін тірі күйінде ешкім көрмеді

Ақтөбеде күйеу жігіт сүйіктісін өз отбасымен таныстырамын деп алдап, өлтіріп кетті. 22 жастағы Әсем Эльбрусованың Әсем Элбрусованың ата-анасы оны өлтірген адамды қатаң жазалауды сұрайды.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның "Информбюро" жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл жағдайда сот ісі басталды. Зардап шеккен тарап қылмыскер жауапкершіліктен жалтара ма деп қорқады.

Жақындарының айтуынша, Әсемді кездесіп жүрген жігіті сұрап алып кеткен. Өз отбасымен таныстырмақ болыпты. Алайда жалдамалы пәтерге апарып өлтірген.

Кінәсін мойындаған жігіт қылмысқа қызғаныштан барғанын айтады. 

"Қызымды отбасымен таныстырамын деген. Олар бір жылдан аса кездесіп жүрді. Қызымды пәтерге апарып аяусыз өлтірген", - дейді Әсемнің анасы Айгүл Бірімжанова. 

Адвокат Дина Смаилованың айтуынша, жігіт өзі жайлы, кім болып жұмыс істейтіні жайлы, қанша жалақы алатыны жайлы, отбасы жайлы өтірік айтқан. Дәл сол күні белгісіз себеппен жұмыстан да шыққан екен.

Қылмыскер кінәсін бірден мойындағандықтан жарты мерзімге сотталуы мүмкін. Мәселен, 15 жылдың 7 жылы ғана берілуі мүмкін. Іс "Адам өлтіру" бабы бойынша жүріп жатыр. 

Ал, Әсемннің ата-анасы оның зорланғанына сенімді.

 

Талқылау