Ақтөбеде кеңсе күзетшісі қарақшылардан қорқып, тығылып қалған
Ақтөбеде қарақшылардан қорқып, тығылып қалған күзетші жұмысынан кетті, деп хабарлайды КТК.

Ол букмекерлік кеңседе кассадағы қыздарды қорғаудың орнына бас сауғалап, қашып кеткен болатын.
Осы әрекетіне ұялса керек, күзетші өз еркімен арыз жазыпты. Ал қарақшылар әлі ұсталған жоқ. Полицейлердің айтуынша, оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалған.
Айта кетелік, бетперде киген үш жігіт түн ортасында букмекерлік кеңсеге шабуыл жасап, 200 мың теңгені алып кетті. Ондағы қыздарды қарумен қорқытып, біреуін соққыға жыққан. Қарақшылар әлі ұсталмаған.
Тағы да оқыңыз:
Қазақстанда бензин арзандауы мүмкін
Алматыда іздеуде жүрген күдікті апалы-сіңілі екі әйелді жауыздықпен өлтіріп қашып кеткен
Астанадағы мектептердің дәретханасын күлкіге айналдырған Сыздықованың өзі сын астында қалды
Алматыдағы жол жөндеуге кім жауапты: Мердігер компаниялар қанша миллиард теңгеге келісімшарт жасаған
Жол жөндеу жұмыстарын 5 компания жүргізіп жатыр
Бір жыл бұрын салынады делінген 3,5 миллиард теңгелік футбол академиясының құрылысы әлі басталмаған: Тараз әкімдігі себебін түсіндірді
Әкімдік: "Оның құрылысына дайындық, жобалау, сараптамадан өткізу және құрылыс жұмыстарын бастау секілді әрбір кезең белгіленген тәртіп пен мерзім қажет"