Ақтөбеде еркектер ұрық тапсырып ақша таба алатын болды
Ақтөбе облысында сәбиге зар болған ерлі-зайыптылар саны 2 мыңнан асып жығылады екен. Олар үшін жалғыз мүмкіндік жасанды ұрықтандыру арқылы сәби сүю. Бұл ретте қаладағы облыстық перзентханада ЭКО орталық жұмыс істей бастаған.
Бұл туралы “Диапазон” хабарлайды.
Қазір Алматы мен Астанада жасанды ұрықтандыру жасату үшін 320 әйел кезекте тұр. Олардың жыл сайын 20-40-ының жолы болады. Жасы келген соң әйелдерде аналық без қызметі де бәсеңдейтіні себепті олар кезекті күте-күте қарсылық танытып мазасызданып жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, экологиялық жағдайларға байланысты, мәселен Байғанин ауданында әйелдерде 27 жастан бастап-ақ, аталмыш функция қызметі төмендейді екен.
“Жыл сайын Қазақстанда 150-160 мың жұп отау құрса, солардың 20 мыңында жүктілікке байланысты проблема туады. Біздің облысымызда 16 отбасы баласыз. Бұл 40 пайыз жағдайда әйелдердің бедеулігіне, 30 пайызында ер адамға, тағы 30 пайыз аралас белсіздікке байланысты. 30 пайыз жұп ЭКО арқылы көбею технологиясын қажет етуде”, – дейді дәрігер Светлана Есенаманова.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, әрбір ЭКО мемлекетке 700 мың теңгеге түседі. Квоталар 6 жыл бұрын беріле бастаған. Осы уақыт ішінде ЭКО қызметіне 195 әйел жүгінген.
“Ақтөбеде желтоқсан айында өзінің ЭКО орталығы ашылады. Ол перзентхана орталығының 3-ші қабатында болады. Мекеме 8 ықшамауданда орналасқан. ЭКО үшін қажетті құрылғылар сатып алынды”, – дейді Светлана Есенаманова.
“Бұл жерде әйелдер үшін арнайы аналық без жасушалары дайындалады. Біз оларды алып шыны түтіктерде ұрықтандырамыз. Олар 3-5 күнде дамып, сосын барып әйелдің жатырына орналастырамыз. Сонымен қатар бізде имплантацилық генетикалық диагностика да жасалады”, – дейді ол.
Ал әйелдердің донордың кім болатынын өздері анықтайды. Яғни, олармен қаржылық тұрғыда да өздері есептесуі тиіс. Бірақ, орталықтың өзі де арнайы қор үшін донорлық ұрық қабылдайды. Бұл ретте ерлердің ұрық тапсыруы 15-20 мың теңгеге бағаланса, аналық жасуша қымбатырақ.