Ақтөбеде элеваторға құлап кеткен бала есін жимастан көз жұмды
Ақтөбеде элеваторға құлап кеткен бала қаза тапты. Бала осы уақытқа дейін комада жатқан. Өкпесі жасанды желдету аппаратына қосылып, реанимацияда болған. Дәрігерлер оның жағдайын өте ауыр деп бағалаған еді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Диапозон” басылымына сілтеме жасап.

31 мамырда 9 жасар бала қаланың ескі бөлігіндегі қаңырап бос тұрған элеваторға құлап кетеді. Облыстық балалар ауруханасына оны ес-түссіз, көптеген жарақаттармен және гипотермиямен алып келген. Бұдан бөлек, балада ауыр ми жарақаты, церебральды ісіну, қан кету, гематомалар және абразиялар болды.
- Қазақстанда бір аптада 17 бала көз жұмған: Оның төртеуі өз-өзіне қол жұмсады
- Маңғыстау облысында толассыз жауыннан кейін екі бала қаза тапты
Бала комада болып, өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған реанимацияда болған. Оның жағдайын өте ауыр деп бағалаған.
Балалар ауруханасының бас дәрігері Ербол Жапахов дәрігерлердің күш-жігеріне қарамастан, баланың 18 маусымда 22 сағатта көз жұмғанын хабарлады. Баланың алған жарақаттары өте ауыр болған.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған