Ақтөбеде екі жасар қыз екінші қабаттан құлап кетті
Ақтөбе қаласында екі жасар қыз жоғарыдан құлап, жарақат алды. Оқиға Ағайынды Жұбановтар көшесіндегі көп қабатты үйде болған.


Бұл кезде баланың анасы үйде болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ақтөбе облысының полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, түрлі жарақат алған бала ҰҚШҰ ауруханасына жатқызылды.
“Жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін кәмелетке толмағандардың бос уақытын және жүрген жерлерін мұқият қадағалау қажет. Көктем-жаз кезінде балалардың терезеден құлауы немесе суға батып кету жағдайы жиі кездеседі. Ата-ана тарапынан бақылаудың жоқтығынан, балаларды қараусыз қалдырудың салдарынан соңы жазатайым оқиғаларға, өлім-жітімге әкеп соқтырады”, – деп полиция қала тұрғындарына жүгінді.
Ақтөбеде орталық қызметкерлері ақыл-есі кем балаларды ұрып-соққан
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар