Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде "Даму" қорының ғимараты құлады: Қызметкер әйел ауыр жағдайда ауруханада жатыр

"Даму" қорының Ақтөбе филиалының ғимаратында шатыр құлап, екінші қабаты қираған. "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" филиалының қызметкері қатты зардап шеккен. Қазіргі жағдайы ауыр деп бағаланып отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ақтөбе облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаевтың айтуынша, қазіргі уақытта 1988 жылы туған М. есімді зардап шеккен әйел ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр.

"Оның бірнеше қабырғасы сынған, жабық ми жарақатын алған. Дәрігерлер оны қалпына келтіру үшін қолдан келгеннің бәрін жасауда",  – дейді Рүстем Исаев.


Алматы облысында інісін өлтіріп алған ағасы оның өлімін "суицид" деген жалаумен жауып жіберуге тырысқан 


ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, кеше 19:25-те шатыр құлап, оның салмағынан екінші қабат құлап кеткендігі туралы хабарлама келіп түсті. Төтенше жағдай орнына құтқарушылар барды. Үйінді астынан барлығы 5 адам шығарылды.

"Шатырдың құлау себептерін мамандар анықтайды. Істің барлық материалы полицияға тапсырылды", – дейді Ақтөбе облыстық ТЖД баспасөз хатшысы Гүлжанат Нағиметова. Өз кезегінде ПД баспасөз қызметі ҚР ҚК 156-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

"Ғимарат бөлігі құлағаннан кейін аумақты біздің қызметкерлер қоршап алды, оқиға орнына алдын ала тексеру жүргізілді, нәтижесінде 156-бап, 2-бөлім бойынша қылмыстық іс қозғалды", – деді облыстық ПД баспасөз қызметінің басшысы Ерболат Сарқұлов.

Айта кетейік, бұл ғимаратта орындарды жалға алған бірнеше ірі ұйымдардың жұмысы тоқтап қалған. "Даму" және АШҚҚҚ, "ҚазАгроҚаржы" АҚ филиалы, "Алға КТ" ЖШС, сондай-ақ жеке нотариус және бағалау компаниясы. 

Талқылау