Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында інісін өлтіріп алған ағасы оның өлімін "суицид" деген жалаумен жауып жіберуге тырысқан

Інісін өлтіріп алған ағасы оның өлімін "суицид" деген жалаумен жауып жіберуге тырысқан. Қылмысқа барған ағасын аман алып қалу үшін отбасы мүшелері де осындай амалға барған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

29 тамыз күні кешке Талғар аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне Бесағаш ауылының 19 жастағы тұрғыны мойынынан пышақ жарақатымен ауруханаға жеткізілген кезде қайтыс болғаны туралы хабарлама келіп түседі. Бұл факт ЕРДР-де ҚР ҚК 99-бабының 1-бөлігі бойынша тіркеуге алынған.

Оқиға орнына дереу жеткен жедел әрекет ету қызметкерлерін марқұмның отбасы жігіттің мойнына пышақ сұғып, өзін-өзі өлтірген деп сендіргісі келеді. Алайда тәжірибелі із кесушілер жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, марқұмның 21 жастағы ағасын әшкереледі. Ол кісі өлтіргенін мойындап, анасымен жанжалдасқанын айтты, ал інісі оны қорғау үшін алдына тұрған сәтте төбелес орын алып нәтижесінде мойнына пышақ жарақатын салып өлтіріп қойған. Осыдан кейін жігіт өзінің туыстарынан інісінің өзін-өзі өлтіргенін айтуды сұрап, жауапкершіліктен жалтарып кетуді ойлаған.

"Бұл анықталмаған қылмыстың ашылуы Алматы облысы ПД криминалдық полиция бөлімі қызметкерлерінің Талғар аудандық ІІБ криминалдық полиция бөлімінің жедел қызметкерлерімен анық, жақсы үйлестірілген жұмысының нәтижесінде мүмкін болды. Қызметкерлер кәсіби шеберлік танытып, шындықты анықтады және өздерін алдануға жол бермеді. Күдікті бұлтартпау шарасын таңдау туралы сотқа дейінгі тергеу мерзімінде ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабы бойынша уақытша ұстау изоляторына қамалды”, – деп мәлімдеді Талғар аудандық полиция басқармасының басшысы Жанболат Зиадин.

Талқылау