Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде бір жасар сәбидің неліктен соқыр болып қалғаны анықталды

Ақтөбеде анасы ата-ана құқығынан айырылған бір жасар бала көз ауруы асқынып кеткендіктен  соқыр болып қалған. Бұл жүргізілген сараптама нәтижесі бойынша анықталды, деп хабарлайды «Мой город» порталына сілтеме жасап Stan.kz.

«Бұған дейін бір жасар Александрдың көзіне Алматыдағы көз аурулары ғылыми зерттеу институтының дәрігерлері ота жасаған еді. Қазіргі уақытта сәби Ақтөбе қаласындағы «Үміт» балалар үйінде», – дейді Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқарма басқарушысының орынбасары Светлана Есенаманова.

Естеріңізге сала кетсек,  Ақтөбеде бір жасар сәби анасының салғырттығынан соқыр болып қалды. Нұсқалардың бірі бойынша, ол баланың көзіне белгісіз сұйықтық тамызған. Алайда бұл дерек расталмады.

Баласының тағдырына бей-жай қараған 29 жастағы келіншек аналық құқығынан айырылды. Оның 5, 7 және 8 жастағы үш баласы кәмелет жасқа толмаған балаларға арналған бейімдеу орталығына жіберілген.

Бұған дейін Алматыда бір жасар Сашаның көзіне ота жасалып, қасаң қабағы ауыстырылған еді. Алайда дәрігерлердің сөзінше, баланың екінші көзінің жанары семіп қалғандықтан, ота жасау мүмкін емес.

Оқи отырыңыз:

Еліміздің әр өңірінде балаларға арналған тегін спорттық секциялар ашылды

Астана әкімі басын қатерге тігіп балаларды құтқарған құрылысшыларды марапаттады

Тараз түрмесінде аузы тігілген қырғызға қатысты мәліметтер белгілі болды

Астанада бойжеткен ZARA дүкенінен киім ұрлағаны үшін бір жарым жылға бас бостандығынан айырылды

Талқылау