Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада ZARA дүкенінен киім ұрлаған қыз бір жарым жылға бас бостандығынан айырылды

Астанада бойжеткен әйелдерге арналған киімдер сататын ZARA дүкенінен киім ұрлаған. Осы әрекеті үшін ол сотты болып, бір жарым жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды қалалық сот баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz ақпараттық агенттігі.

«2017 жылдың желтоқсан айында бойжеткен елордадағы ойын-сауық орталықтарының бірінде орналасқан ZARA киімдер дүкеніне келіп, киімдерді алып, киім өлшейтін бөлмеге кірген. Мұнан кейін киімдердегі ұрлыққа қарсы құралдарды жұлып алып, киімдерді пакетке салып, алып шықпақ болған», – делінген хабарламада.

Мұнан кейін бойжеткен дүкеннен шығып кетіп, ұрлық орнынан ізін суытқан.

«Астана қаласы Есіл ауданы №2 аудандық сотының үкімі бойынша, қыз ҚР ҚК 188-бабы 1-бөліміне (Өзгенің мүлкін жасырын ұрлау) сәйкес кінәлі деп танылып, бір жарым жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», – деп мәлімдеді қалалық сот баспасөз қызметі.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Оқи отырыңыз:

Аяусыз соққыдан миы шайқалған 5 жасар қыздың ісіне полиция араласа бастады

Сәбит Әбдіхалықты жас актерлер “нағыз ақымақтың пікірін айтады” деп сынады

Әндерімді өзім де тыңдамаймын: Әли Оқапов “даусы жоқ дарынсыз” деп сынағандарға жауап берді

Отандық жұлдыздар желіде “Қалаулымға” қарсы флешмоб бастады (видео)

Талқылау