Ақтөбеде бір отбасыны кепілге алған күдікті қамауға алынды
Ақтөбе соты танысы мен оның ата-анасын кепілге алған ер адамды қамауға алу туралы санкция берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: istockphoto.com
Ақтөбе облыстық сотының мәліметінше, тергеу соты 40 жастағы күдіктіні екі ай мерзімге қамауға алу туралы санкция шығарды.
-
Ақтөбеде кепілге алынған әйел әке-шешесінің қаза болғанынан бейхабар: Дәрігер науқастың жағдайы туралы айтты
-
“Денесін тілгілеп, ұрып-соққан”: Ақтөбеде отбасыны кепілге алуға қатысты тың деректер айтылды
Еске салсақ, 13 қаңтар күні Ақтөбеде ер адам үш адамды: 40 жастағы әйел мен оның ата-анасын кепілге алғаны туралы жазған едік. Полиция үйге басып кіргеннен кейін әйелдің ата-анасының пышақ жарақатын алғанын анықтады. Ерлі-зайыптылар көз жұмды. Ал 40 жастағы әйел ауруханаға жатқызылды.
"Мінбердегі тартыс 7 сағатқа созылды": Нұрлан Оразалин Егемендік декларациясының қалай қабылданғанын айтып берді
Нұрлан Оразалин Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылымының депутаты болған әрі осы тарихи құжатты әзірлеуге тікелей қатысқан
Республика күні мен Тәуелсіздік күні неге екі бөлек атап өтіледі
Саясаттанушы: "Көп жыл бойы "Неліктен 25 қазанның маңызын екінші орынға ысырып қоямыз?" деген мәселе көтерілді"