Ақтөбеде бейімдеу орталығынан қашып кеткен екі қыз жалдамалы пәтерден табылды
Ақтөбеде бейімдеу орталығынан кетіп қалған 15 және 17 жастағы екі қыз жалдамалы пәтерден табылды.

Ақтөбе қалалық полиция басқармасы №2 қалалық полиция бөлімінің мәліметінше жоғалып кеткен қыздар "Аяла" бейімдеу орталығының тәрбиеленушілері. Орталық директоры полиция қызметкерлеріне 12-мамыр күні бейімдеу орталығының аумағынан 15 және 17 жастағы қыздардың кетіп қалғанын хабарлады.
"Полиция қызметкерлері дереу қыздарды іздеуге кірісті және олар баруы мүмкін барлық жерді тексерді. Жүргізілген іздестіру іс-шарасының нәтижесінде полицейлер қыздардың қайда екенін анықтады.
Олар екі тәулік бойы Ақтөбе қаласы, Тургенев көшесіндегі жалдамалы пәтерде болған. Ювеналды полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандармен профилактикалық әңгіме жүргізіп, орталықтың тәрбиешілеріне тапсырды",- деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Жатақхананы аңдып, студент қыздарды зорлаған: ҚазҰУ-ды дүр сілкіндірген маньяк қалай ұсталды
Қылмыскер барлық қызды бірдей әдіспен өлтіріп, денелерін жатақхана маңына көмген
"Scopus-қа мақала шығару үшін 1,5 миллион теңге сұрайды": Қазақстандық ғалымдар докторантурадағы талаптарға наразы
Ресми деректерге сүйенсек, қазір Қазақстан бойынша докторантурада 7 600-ден 9 500-ге дейін докторант білім алуда