Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде бастауыш сынып оқушысын дене шынықтыру пәнінің мұғалімі зорламақ болған

Ақтөбедегі мектептердің бірінде мұғалімге қатысты шу шықты. Шағымданған ата-ана 23 жастағы мұғалім 3-сыныпта оқитын қызына жыныс мүшесін көрсетіп, қолымен ұстатқан деп отыр.

774003_900

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Қазір бұл оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр. Ал оқуын қызыл дипломмен аяқтап, биыл ғана денешынықтыру пәнінің мұғалімі болған азамат бұлай істеді дегенге ұжым сене алар емеспіз дейді.

Соңғы екі-үш күннен бері Ақтөбедегі бұл мектептің ұжымы да, оқушылар мен ата-аналар да мектеп қабырғасында “осындай болыпты” деген оқиғадан кейін естерін жия алар емес. Оқушы қыздың ата-анасының түсірген шағымына қарағанда, мұғалім үшінші сыныпта оқитын өзінің оқушысын мектептегі таса жерге апарып, жыныс мүшесін ұстатқан. Шағымнан соң, өзге ата-аналар да балаларды мектепке жіберуге қорқатын болдық дейді.

“Мен алғаш естігенде қатты қорқып кеттім. Шын емес болар деп ойладым. Әрине енді қорқамыз. Балаларымызды мектепке жіберуге қорқатын болдық. 8-ші сыныпта сіңілім оқиды. Ойлаудың өзі қорқынышты”, – дейді тұрғын Людмила Викторовна.

Мұғалімнен зәбір көруі мүмкін деген оқушының ата-анасы әзірге ел алдына шығуды қаламапты. Ал мектеп директоры жас мұғалім “олай істемеді” деп кесіп айта алмайды. Айтуынша, қазір кішкентай қызға тиісті деген мұғалім тергеуге байланысты жұмыстан шеттетілген. Дегенмен, басшылық жас мұғалімнен жаман қылық байқамаған едік деп отыр.

“Ес -ақылы дұрыс, колледж бітірген бала. Арақ ішпейді, темекі тартпайды. Оның артынан ондай жағдайды ешқашан көрген емеспіз. Қазір мен сізге нақты ештеңе айта алмаймын. Неге десеңіз қазір следствиесі жүріп жатыр. Бізге олар анық ештеңе айтқан жоқ”, – дейді Ақтөбе қаласы №16 орта мектебінің директоры Латып Әліби.

Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл оқиғаға қатысты шағым полиция бөліміне түскен. Қазір мұғалімнің әрекеттеріне қатысты істі полицейлер жан-жақты тексеріп, айналысып жатыр дейді.

Жіберіп алмаңыз:

Ақтөбеде 7 жасар қызды зорлаған педофилге үкім шықты

ОҚО-да мектеп бітіргендеріне 20 жыл болған сыныптастар екі мұғалімді қажылыққа жіберді

Абдуллин: Үй мен көлік сатып алып көрмеппін, бәрін достарым сыйлайды (фото)

Қазақ жігіті 3 жылдан бері жүрген сүйіктісін жүкті қылып тастап кетті

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақкөлден Нұр-Сұлтанға аман жеткен жолаушылар жолда бірнеше тәулік түнеген

Олардың кейбірі жолда бірнеше тәулік түнеген

Қостанай облысында қар астында қалған екі адамды құтқарды

Құтқарылған кезде ер адамдардың жағдайы қанағаттанарлық еді

Сегіз айлық нәресте аман: Алматы облысында кесарь тілігімен босанған ана көз жұмды

Марқұмның анасы: Үйден кеткенде қызым сап-сау болған, дәрігерлер кінәлі

Қарағанды жолында ер адам көз жұмды

Департамент азаматтарға алыс қашықтыққа сапар шегуден бас тартуға кеңес берді

Алматыда апатқа ұшыраған Bek Air ұшағының екінші пилоты қайтыс болды

Ұшқыштың жағдайының күрт нашарлады

Уханьдағы қытайлық медбике шын мәнінде қанша адам ауруға шалдыққанын айтып берді

Сырқатты жұқтарғандардың саны 90 мыңға жетті дейді ол

Көздеріңізді уқаламаңыздар: Қытайлық коронавирусты жұқтырудың жаңа тәсілдері айтылды

Ресейлік маман: Құрғақ жөтел мен дене қызуы сырқаттың негізгі симптомдары

Алматы тұрғындары қаладағы коронавирусты жұқтырған адам жайлы хабар шошытты: Ресми ақпарат

Қалалық Денсаулық сақтау басқармасы хабарламаның растығын жоққа шығарды

Алматы облысында ер азамат сырғанақтан сырғанаймын деп мерт болды

Ер адам баллоннан ұшып кеткен, салдарынан омыртқасы үш жерінен сынған

Алматы облысында Toyota Camry көліктерін айдап әкетумен айналысып жүрген азаматтарды қолға түсірді

Қылмыстық топ төрт азаматтан құралған
Çàãðóçêà...