Ақтөбеде балаларға баллоннан бұрыш шашқан жасөспірім ұсталды (видео)
Ақтөбеде Қазақстан мен Ресей шекарасынан өтпек болғанда балаларға шабуыл жасады деген күдікпен жасөспірім ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Ақтөбе облыстық полиция департаменті
Оқиға 6 шілдеде болған. Әлеуметтік желіде тараған видеодан жасөспірімнің балалардың жанына келіп, бұрыш баллонын пайдаланып, оны балаларға қарай сепкенін көруге болады.
"Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде Ақтөбе облысының полицейлері шекарадан өтпек болған күдікті жасөспірімді ұстады", – делінген хабарламада.
Полиция мәліметінше жасөспірімді бұзақылық дерегі бойынша іздестірген.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған