Ақтөбеде әйел көлігін сатып алғысы келген адаммен кездесемін деп мерт болды
Ақтөбе облысының полиция департаменті ақтөбелік тұрғынды өлтіріп кеткенін анықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Pixabay.com
9 маусымда 55 жастағы әйел көлігін сату үшін көлік базарына шығып, жоғалып кеткен. Жоғалған әйелдің туыстары полицияға хабарласқан.
"Осы өтініш бойынша жеке құрам дереу хабардар етіліп, қылмыс белгілерінің болуына байланысты іс анықталып, Кісі өлтірумен байланысты тонау бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілді", – деп хабарлады облыстық полиция.
Полицейлер күдіктіні анықтай алды. Оның үйіндегі гараждан ұрланған көлік табылды. Ол ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Тәртіп сақшылары қала сыртынан әйелдің денесін тапты.
"Аталған іс бойынша сараптама тағайындалды, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", – деп мәлімдеді Ақтөбе облыстық полиция департаменті.
Тергеу барысы полиция бөлімшесінің бастығының бақылауында.
Қазақстандық сызылған пауэрбанкіне байланысты ұшаққа отыру кезінде қиындыққа тап болды
Әуежай өкілі: "Құрылғының бұған дейін әуе көлігімен бірнеше рет тасымалдануы қауіпсіз екеніне кепілдік бермейді"
Жамбыл облысында ер адам аяғы ауыр әйелін үйден рұқсатсыз шыққаны үшін ұрып тастаған
Ер адам әйелін үйден рұқсатсыз шыққаны үшін ұрып-соққан