Ақтөбеде аутизмге шалдыққан 13 жастағы баланы тікұшақпен іздеп жатыр
Ақтөбеде жоғалып кеткен 13 жастағы Кәрім Жетіруды іздеуге Қазавиақұтқару тікұшағы жұмылдырылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ТЖД
"Бүгін таңертең Қазақстан ТЖМ құтқарушылары ауадан жоғалған адамды іздей бастады. Ақтөбе облысы ТЖД гарнизонынан құтқарушылар мен Кинологиялық қызмет төртінші тәулікте жер үсті жұмыстарын жүргізуде. Олар баланың барлық болуы мүмкін жерлерін мұқият тексеруді жалғастырады”, – делінген хабарламада.
Сонымен қатар, сүңгуірлер Ақтөбе қаласының аумағындағы су объектілерін тексереді.
Аутизм дертіне шалдыққан бала 4 маусым күні ата-әжесінің үйінен шығып кетіп, жоғалып кеткен. Туыстары мессенджерлерде баланың ауладан ішкиім мен жейдемен шыққан видеосын жариялады. Бұл сәт көшедегі бейнебақылау камераларына түсіп қалған.
Моңғолиядағы қазақ-моңғол дауы неден шықты: Тіл мәселесі неге көтерілді
"Қазақтар болашақта Баян-Өлгейді Қазақстанға қосып жібермек" деген сияқты негізсіз қауесетке ұласып кетті
"Байлықтың жарысы": Қазақстандықтар құдалыққа миллиондап ақша жұмсап, киіт кигізуге қарсы шықты
Айгүл Ғалымжанова: "Шығындарды есептегенде шамамен 15-16 миллион теңге шықты"