"Аулада ойнап жүрген": Ақтөбеде 4 жасар бала жоғалып кетті
Ақтөбеде 4 жасар Данил Ахунов бүгін таңертең аулада ойнап жүрген жерінен жоқ болып кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бүгін сағат 9:35-те Жедел басқару орталығының 102 телефонына Ақтөбе қаласы Қазанғап көшесіндегі №59 үйдің ауласынан 2018 жылы туған Ахунов Данил Артуровичтің жоғалып кеткені туралы хабарлама түсті.
Оны іздеуге полициямен қатар еріктілер жұмылдырылды.
"Бойы шамамен 120 см, дене бітімі арық, шашы қоңыр түсті. Қызғылт сары түсті күрте, ашық көк түсті тоқылған бас киім, көк түсті күдері аяқ киімі бар. Баланы іздеуге полицияның кешенді күштерінің жасақтары, ҚР ҰҰ әскери қызметшілері мен еріктілер тартылды. Қандай да бір ақпаратқа ие адамдардың барлығынан 102 нөміріне немесе 8771-785-1058 нөміріне қоңырау шалуды сұраймыз", - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Моңғолиядағы қазақ-моңғол дауы неден шықты: Тіл мәселесі неге көтерілді
"Қазақтар болашақта Баян-Өлгейді Қазақстанға қосып жібермек" деген сияқты негізсіз қауесетке ұласып кетті
"Байлықтың жарысы": Қазақстандықтар құдалыққа миллиондап ақша жұмсап, киіт кигізуге қарсы шықты
Айгүл Ғалымжанова: "Шығындарды есептегенде шамамен 15-16 миллион теңге шықты"