Ақтөбеде әскери қызметкер қызды зорламақ болған ер адамнан құтқарып қалды
Ақтөбеде Ұлттық ұлан ефрейторы Андрей Петров қызды зорламақ болған ер адамнан құтқарып қалған. Оқиға 15 маусымда түнгі 03:00 шамасында болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Андрей Петров түнде самалдыққа шығып, көмекке шақырған қыздың дауысын естіген. Ойланбастан далаға шыққан ол қызды зорламақ болған ер адамды көрген. Қоян-қолтық ұрыс тәсілдерін пайдаланып, ер адамның арам пиғылын іске асыруға бөгет болған.
"Кейін 102 нөміріне қоңырау шалып, полиция шақырған. Тәртіп сақшылары келгенше күдіктіні жерге жатқызып ұстап, полицияға табыстаған. "Мен кез келген адамның осылай жасайтынына сенімдімін. Бұл – ерлік емес. Жаңындағыларға көмектесу – еркек үшін ар мен намыс ісі. Мұндай кезде бей-жай қарамаңыздар" дейді ол", – деп жазды Александр Цой өз Facebook парақшасында.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Зардап шеккен қыз полицияға арыз жазған.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады