Ақтөбеде арбаға таңылған ер адамды қайыр сұрауға мәжбүрлеген
Ақтөбеде мүгедектер арбасына таңылған ер адамды көшеде қайыр сұрауға мәжбүрлеген деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов брифингте мәлімдеді.
"46 жастағы ер адамға қауіп төніп, зорлық-зомбылық көрсетілді. Оны шымкенттік ерлі-зайыптылар қайыр сұрауға мәжбүрлеу үшін алып келген. Күн сайын таңертеңнен кешке дейін базар аумағында және жұма күндері мешіттердің жанында ол қайыр сұрады", – деді спикер.
Мүмкіндігі шектеулі азамат күніне шамамен 5-6 мың теңге табыс тапты.
"Күдіктілер барлық ақшаны өздеріне алып алатын. Осы факті бойынша ҚР ҚК 128-бабы “Адам саудасы" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жәбірленуші дағдарыс орталығына орналастырылды", – деді Нұрмағамбетов.
Қазақстандық компания қазақ тілінде баяндама жасаған қызметкерді жұмыстан қуды деп айыпталды
Қызметкердің жұбайы жұмыс берушіден түсініктеме талап етті
"Қолынан сүйіп, денесін ұстаған": Алматыда 15 жастағы қыз такси жүргізушісінің әрекетінен шошып қалған
Қыздың адвокаты істі қылмыстық тұрғыда тексеруді сұрады