Ақтөбеде 10-сынып оқушысы адам өлтіргенін мойындады
ІІМ Ақтөбедегі оқушылардың топтық төбелесіне пікір білдірді. Төбелес 26 қаңтарда болды, деп хабарлайды Stan.kz.

Балалар арасындағы төбелес адам өлімімен аяқталды Шалқар ауданындағы №40 мектептің 10-сынып оқушысы мерт болды.
“Кәмелетке толмаған 2003 жылғы бала аурухана жеткізіліп, есін жимастан көз жұмды. Оның кеуде тұсына пышақ жарақаты салынған. Күдікті ретінде 2002 жылы туған оқушы ұсталды. Ол қылмысын мойындады. Тергеу жұмыстары басталды. Күдікті уақытша қамауға алынды”, – дейді полицейлер.
25-27 қаңтарда жүргізген тексеру кезіне полицейлер 94 кәмелетке толмаған балаларды ұстады. Олардың 84-і ата-анасы не заңды өкілінсіз түнгі уақытта көшеде жүрді. 7 ата-ана жауапқа тартылды. Есепке 14 баланы алды. Олардың 13-і толыққанды емес отбасынан шыққан.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар