Ақтөбеде жасөспірімдер доптың орнына тірі кірпіні теуіп ойнаған
Әлеуметтік желіде кіріпіні доп қылып теуіп ойнаған балалардың видеосы тарады. Жалынды жанкүйерлері және әуесқой футболшыларымен танымал Ақтөбе қаласының бір топ жастары доп орнына тірі кірпіні теуіп футбол ойнаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Видеодан скрин
Видеода "футболшылар" бейшара кірпіні тепкілеп, келемеж қылғаны көрсетілген. Маңайындағылар да көріністі күле тамашалап тұр. Олар видеоны TikTok-қа жариялап, артынша бірден өшіріп тастаған.
Желі қолданушылары "футболшыларды" тауып, жазалауды талап етті.
Полицейлер видеодағы іске қатысты бірден шара қабылдады. Кірпіге қастандық жасағандар анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Тәртіп сақшылары қылмыстық іс қозғады.
Экстремалды футбол әуесқойлары кірпіге мейірімсіздік танытып, оны тепкілегені үшін 120 айлық есептік көрсеткіш (443 040 теңге) көлемінде айыппұл төлейді немесе 30 тәулікке дейін қамауға алынады.
Астанада 68 жастағы қарияны металл іздегіштен өтерде шалбарын шешкені үшін жазаға тартты
Қазақстандықтар қарияны жақтап полицияның әрекетіне наразылық білдірді
"Алып қашып кетпек болған": Алматыдағы гүл сататын дүкен қыздың жеке дерегін біреулерге беріп жіберген
Белгілі болғандай, бұл жігіт бұған дейін де мазалап жүрген