Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбе облысында әйел бет тазарту процедурасынан кейін қауіпті диагнозбен ауруханаға түсті

Ақтөбе облысында 34 жастағы әйел сәтсіз косметикалық процедурадан кейін ауруханадан бірақ шықты. Оның бойынан адам өмірі үшін қауіпті аллергия болып табылатын Квинке ісігі табылған.

Бұл туралы Ақтөбе Таймс басылымына сілтеме жасап Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Әйел бет тазарту процедурасын жасатқаннан кейін бірнеше күн ауруханада жатқан. Мұнан кейін полицияға арыз жазған. Ол өзіне бет тазарту процедурасын жасаған дәрігердің кәсібилігінің төмендігіне шағымданыпты.

Алайда тараптардың келісімге келуіне байланысты, полиция кәсіби міндетін дұрыс орындамаған дәрігерге қатысты қылмыстық іс қозғаған жоқ.

Десе де медициналық орталықтағылар әйелдің бұған дейін бет тазарту процедурасын бірнеше рет жасатқанын және ол кезде денсаулығына байланысты қиындықтар туындамағанын айтты.

Оқи отырыңыз:

Ақтөбеде бір жасар сәбидің неліктен соқыр болып қалғаны анықталды

Еліміздің әр өңірінде балаларға арналған тегін спорттық секциялар ашылды

Астана әкімі басын қатерге тігіп балаларды құтқарған құрылысшыларды марапаттады

Тараз түрмесінде аузы тігілген қырғызға қатысты мәліметтер белгілі болды

Талқылау