Атырау облысының үш тұрғыны қой ұрлағаны үшін 5 жылға сотталды
Атырау облысының тұрғындары қой ұрлағаны үшін сотталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: freepik.com
Соттың мәліметінше, екі қой ұрлаған Махамбет ауданының үш тұрғыныны қатысты сот үкімі шықты.
Іс материалдарына сәйкес, олар қораға заңсыз кіріп, мал ұрлап, сол ауданның тұрғынына сатып жіберген. Келтірілген шығын 250 мың теңгеге бағаланған.
"Айыпталушылардың үшеуі де 18 жаста. Біреуінің ерекше қажеттілігі бар. Осыны ескерген сот оларды бес жылға шартты түрде бас бостандығынан айырды", – делінген хабарламада.
Үкім заңды күшіне енді.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар