Ақтөбе облысындағы тас жолда 30 шақырымдық көлік кептелісі пайда болды
Хромтау қаласы мен Қарабұтақ ауылы арасында 30 шақырымдық көлік кептелісі орын алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Қазавтожол
"ҚазАвтоЖолдың” мәліметінше, Ақтөбе облысында республикалық маңызы бар жолдарды қардан тазарту жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Жол жөндеушілер тәулік бойы жұмыс істеп жатқаны айтылады.
Ауыр жүк көлігінің жүргізушілері көліктерін 4 шақырымға екі-үш қатарға қойып қойған. Бұл жол бөлігіндегі қарды тез арада тазалауға кедергі келтіріп, жолшылардың жұмысына кедергі келтіруде.
- Астанада қатты желден "Рухани жаңғыру" символы құлап қалды
- "Көктемде көре жатармыз": Төтенше жағдайлар министрі су тасқыны қаупі жоғары аймақтарды айтты
Кептелісті жою үшін ауыр жүк көліктерінің иелері іздестіріліп жатқаны хабарланды.
Бүгін яғни 11 ақпанда жеңіл көліктер үшін Ақтөбе – Хромтау бағыты ашылды.
Бұған дейін Ақтөбеде ақтүтек бораннан бірнеше ықшамаудан су мен жарықсыз қалғаны хабарланған.
1 қарашадан бастап Қазақстанда педиатрия бөлімшелер жабыла ма: Денсаулық сақтау министрлігі ата-аналарға жауап берді
Денсаулық сақтау басқармасы жалпы практика дәрігерлері, содан кейін керек болған жағдайда педиатр тексеретінін мәлімдеді.
Ұлттық қордан 6,5 триллион теңге алынса, Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
6,5 триллион теңге инфрақұрылымға жұмсалады: Бұл халықтың тұрмысын жақсарта ма?
