Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбе облысындағы шахтада кен опырылып, жұмысшы қаза тапты

Ақтөбе облысында шахтада жұмысшы опырылған кен астында қалып, қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: istockphoto.com

32 жастағы марқұмның денесін кеніштен әріптестері шығарып алған. Қазір оқиға орнында еңбек инспекторлары тергеу жүргізуде.

Қайғылы оқиға Хромтау ауданында орналасқан "Ақтөбе мыс" компаниясының кен орнында болған. Үгіту аппаратын басқаратын жұмысшы түнгі аусымға шыққан. Алдын ала мәлімет бойынша, жұмысшы кеннің жоғарыдан опырылып түскенін аңғарып үлгермеген деген болжам бар. Жұмысшы оқиға орнында қаза тапты. 


"Алтын іздеген": Ақмола облысында жоғалған 17 жастағы жасөспірім шахтадан табылды


Жұмыс беруші марқұмның отбасына материалдық көмек көрсетілетінін атап өтті.

“Шахтада кен опырылған. Жазатайым оқиға деп айтуға болады. Тергеп-тексеру 20 қазанда аяқталады”, – деді Ақтөбе облысы еңбек инспекциясы басқармасының мемлекеттік инспекторы Асхат Жұмалы.

Еске салсақ, бұған дейін Абай облысында шахтадағы төтенше жағдайдан кеншінің қаза тапқаны туралы жазған едік. 

Талқылау