Ақтөбе облысында түрме қызметкеріне белгісіз адамдар оқ атып кетті
Ақтөбе облысында тергеу изоляторының қызметкеріне оқ тиіп, ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Мой город" басылымының мәліметінше, оқиға 20 шілдеде сағат 01:00 шамасында Шалқар ауданының орталығында болған. Шағын ауданда полиция қызметкерлері күдікті қара түсті ВАЗ 2114 көлігін тоқтатып, тексеруді қалаған.
"Машина тоқтады, жолаушы есігінен ер адам шығып, полицейлерге қарай шолақ мылтықтан оқ атты. Осыдан кейін машинада болған белгісіз үш адам қашуға тырысты. Шалқар полиция бөлімінің УҰИ-ның қызметкері жараланып, қазір ауруханада жатыр", - деді Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі.
22 шілдеде күдіктілер ұсталды. Олар Шалқар қаласының тұрғындары, олардың екеуі 22 жаста, біреуі 23 жаста.
Мұнай бағасы барреліне 200 долларға жетсе Қазақстанға пайда әкеле ме әлде қауіп пе
Мұндай шектен тыс қымбатшылық өз-өзін жоятын механизмді іске қосады дейді сарапшы
"Пасханы да, Ораза айтты да бірге тойлаймыз": Қазақстандық ару көпұлтты отбасындағы татулық пен ерекше дәстүрлері туралы айтты
Наргиза: "Дін мен тілге бөлінбей барлық ұстанымдарға екіжақты құрмет көрсетеміз"