Ақтөбе облысында тасқын салдарынан автожол опырылып түсті
Ақтөбе облысында су тасқынына байланысты жол учаскесі опырылып, шайылып кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Қазавтожол" компаниясының мәліметінше, 2022 жылғы 1 сәуірде сағат 17-де республикалық маңызы бар "Ақтөбе - Атырау - РФ шекарасы (Астраханьға)" автожолында еріген судың қарқыны салдарынан Жарлы кентіндегі 283-ші шақырымда су өткізу құбыры бызылып, негізгі жолды шайып кетті.
"Шайылудың қайталануы еріген судың көп мөлшерде түсуіне байланысты болды. Бұл учаске уақытша қалпына келтірілді", – деп түсіндірді компанияда.
Көлік қозғалысы қайтадан іске қосылды.
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық
2026 жылы қазақстандықтарға ақшаны қалай сақтаған тиімді – Қаржы сарапшылары кеңес берді
Жаңа жылда қазақстандықтарды қосылған құн салығының өсуі, инфляция бәсеңдеуі сынды жаңашылдықтар күтіп отыр
