Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбе облысында құтырма ауруы бар түлкі төрт жасар балаға шабуылдаған

Ақтөбе облысы Жаманкөл кентінде төрт жасар баланы құтырма ауруы бар түлкі тістеп алды. Жануар өлтірілді, жергілікті шаруа қожалығында карантин жарияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Мой город” сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

4 шілдеде Жаманкөл ауылынан шаруа қожалығы басшысының отбасы өзен жағасында демалып жатқанда, түлкі қамыстан шығып, төрт жасар балаға шабуыл жасаған.

Жыртқыш өлтіріліп, ұшасы зерттеуге жіберілді. Жануарда құтырма ауруы болды.

Зардап шеккен бала ауруханаға жатқызылды. Оның мұрнын, маңдай және қас аймағын тістеген, жамбас, жіліншік және самайында сызат болған. Қазір бала  ауыл дәрігерінің бақылауымен құтырмаға қарсы вакциналарды алуды жалғастыруда. Емдеу 28 күнге созылады.

"Шаруа қожалығында 21 күн карантин болады. Ауылдан мал әкетуге және сол жерге әкелуге болмайды. Ет, сүт және басқа да жануарлардан алынатын өнімдерді алуға болмайды", – деді Ақтөбе облыстық ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Иса Базаров.

Талқылау