Ақтөбе облысында көршілерін өрттен құтқарған полицей иіске уланып қалған
Ақтөбе облысында полицей өрттен бір отбасын аман алып қалды. Алайда аға инспектор есінен танып, уланып ауруханаға түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Оқиға 1 наурыз күні Байғанин ауданында болды. Әділ-Қаһар Қадіров үйінен жұмысқа шығып бара жатып, көрші үйден түтін шығып жатқанын байқапты. Соны көргесін үйге бірден барып, көмектесті.
Ол үй иесін оятып, үш баланы бірінен соң бірін алып шықты. Ең кіші 5 жасар баланы көтеріп шығып жатқанында, иістен уланып, талып қалған.
"Өрт сөндірушілер мен дәрігерлер оқиға орнына жетті. Полиция қызметкері уланып, ауруханаға жатқызылды. Қазір ержүрек тәртіп сақшысының өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ", – деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.
Министрлік полиция қызметкерінің суретін бөлісті.
Еске салсақ, бұған дейін Семейде кішкентай қызды құтқармақ болған полицей пышақ жарақатын алғаны айтылды.
"Өзімізді дәлелдедік": Олимпиадада жүлделі орын алған таэквондошылар Қазақстанға оралды
Спортшыларымыз жай келмей, жүлделі орындармен оралды
Қазақстандық әйел жалға алушыны пәтерінен шығара алмай, сотқа берген: Алайда сот қараудан бас тартты
Пәтер иесі: "Жалдау шартын бұзылған деп тану және жалға алушыны пәтерден шығаруды міндеттеу талабым "кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сотқа жүгіну керек" деген негізбен бас тартылды"