Ақтөбе облысында көлік мұз астына құлап бір адам қаза тапты
Ақтөбе облысындағы Шалқар көлінде адамы бар көлік суға батып кетті. Бір адам қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Ктк арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Сурет pexels-тен
Құтқарушылардың мәліметінше, көлік мұз астына батқан.
"8 қаңтарда сағат 15:52-де Шалқардағы көлде ВАЗ-2110 көлігі мұз астына құлап кетті. Оның ішінде үш адам болған. Олардың 44 және 53 жастағы екеуі жағаға шыға алған. Ал 52 жастағы үшінші ер адам суға батып кетті. Сағат 17:45-те құтқарушылар оның денесін мұз астынан алып шықты", – делінген сейсенбіде.
Қазір көлік әлі де су астында. Құтқарушылар оны жер бетіне шығару үшін шаралар қабылдауда.
Қазақстандық компания қазақ тілінде баяндама жасаған қызметкерді жұмыстан қуды деп айыпталды
Қызметкердің жұбайы жұмыс берушіден түсініктеме талап етті
"Қолынан сүйіп, денесін ұстаған": Алматыда 15 жастағы қыз такси жүргізушісінің әрекетінен шошып қалған
Қыздың адвокаты істі қылмыстық тұрғыда тексеруді сұрады