Ақтөбе облысында 45 жолаушысы бар автобус аударылып қалды
Ақтөбе облысында Шымкенттен Екатеринбургке бағыт алған жолаушылар автобусы аударылып қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агентттігі.

Жол апаты 26 ақпанда сағат 20:00-де Қарабұтақ ауылынан 20 шақырым жерде, Қарабұтақ-Қостанай тас жолында болды.
Полицейлердің мәліметтері бойынша, жолдың тайғақ учаскесінде автобус кюветке шығып, бүйіріне қарай аударылған.
Автобуста болған 45 жолаушы Тәжікстан азаматтары. Ал үш жүргізуші - қазақстандықтар.
ЖКО салдарынан зардап шеккендер жоқ. Патрульдік полиция мен ТЖД күшімен жолаушылар кемпингке жеткізілді.
"Киімдегі жалаңаш қыздар": Дене бітімін айқындайтын хиджаб үлгісі қазақстандықтардың сынына қалды
Имам: “Бұл қыздарды "дұрыс емес киініп жүрсің" деп кінәлауға болмайды”
Қазақстанда ерлі-зайыпты ажырасқанда ипотека мен қарыз қалай бөлінеді
Пәтер ипотеканы рәсімдеген адамның жеке меншігі болып саналады