"Ақтөбе" клубының футболшысы аргентиналық қызбен отау құрды
Қазақстандық "Ақтөбе" футбол клубының аргентиналық жартылай қорғаушысы Леонель Струмия шаңырақ көтерді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

31 жастағы ойыншы 10 жылдан астам қарым-қатынаста болған өзінің отандасы – Луз Ортиске үйленді.
“Лео отбасын құрды! "Ақтөбенің" аргентиналық жартылай қорғаушысы Леонель Струмия тойын тойлады. Клуб ұжымы мен жанкүйерлерінің атынан Лео мен оның жұбайы Луз Ортизді заңды некелерімен шын жүректен құттықтаймыз!”, – деп жазды қазақстандық клуб әлеуметтік желідегі парақшасында.
- "Не істейсіздер менің ақшамды санап": Шавкат Рахмонов табысы туралы сұраған журналиске шүйлікті
- Қазақстан футзалдан 2024 жылғы әлем чемпионатына іріктеу матчында Румыниядан басым түсті
Мереке Аргентинаның Вилла Мария қаласындағы қонақ үйлердің бірінде өткен. Жанкүйерлер де ойыншы үшін шын қуанышты екенін білдіріп, ақжарма тілектерін білдірген.
Айта кетейік, Леонель Струмия 2023 жылдың ақпан айында Ақтөбе сапына ауысып, бірден команда көшбасшыларының біріне айналды. Қорғаныстағы жартылай қорғаушы клуб сапында 30 матч өткізіп, нәтижелі пас беріп үлгерген.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"