Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Актерлік қабілеттеріне күмәнім бар, робот секілді”: Баян Алагөзова Ақан Сатаевтың жаңа киносын сынап тастады

Баян Алагөзова Ақан Сатаевтың жаңа туындысына баға берді. Продюсер тарихи фильмнің оң және кемшін тұстарын айтты. Өз көңілінен шықпаған жайттарды ескертті. Ал Сатаев мұны салмақты қабылдады.

“Мен досым Ахан Сатаевты ұлы хан Қасым туралы тарихи драмасының дүниеге келуімен құттықтағым келеді. Мені таңданудан бастап, көрермендердің күмәніне дейін алуан түрлі эмоциялар биледі. Мен кино сыншысы емеспін, бірақ сонда да өз көзқарасымды білдіруге тырысып көрейін. Алдымен бірден ақшаны санаймыз: иә, костюмдер, реквизиттер, трюктар, жиын адамдар, мұның бәрі өте ауқымды, шебер орындалған. Содан мазмұнға көштім, қазақтың бай, әдемі сөздерін естідім, батыр бабаларымыздың бәрі бұрын ақын болған сияқты, бұл да әдемі. Содан кейін мен махаббат желісін күттім. Ең алдымен кейіпкерден ер адамды көргім келді, бірақ бұл кейіпкерді актриса ойнап тұрса да, өте суық кейіп танытты. Менің ойымша, керемет актерлік қабілеттері жоқ. Сосын сұлу актерлердің бітпейтін диалогтарынан шаршадым, сосын қайта тарих көрсетілді. Әрі қарай кейбір кейіпкерлердің театрландырылған ойыны шиеленісе бастады. Өтірік күлкі, өзін көрсету, уайым, тез тыныс алу – мұның бәрі театрдың көрінісі. Бұл киноның, әсіресе отандық киноның кемшілігі”, – деді Алагөзова. 

Продюсер кинода роль сомдаған актерлердің тыс тетарланған көрініс көрсеткенін айтады. Ал қарапайым көрермен үшін бұл қабылдауға ауыр туынды деп түсіндірді. 



“Академиктердің, тарихшылардың, жазушылардың қатысқаны қатты байқалды. Қысым деген сөзді қосар едім, мен ең алдымен көрермен болғандықтан, халықтың тарихын өзгерткен, жүйкесі, сезімі бар, жанды бір тұлғаны көргім келді. Әдемі және батыл, идеалды роботты емес. Мұны түсіну үшін тым болмаса тарихшы болу керек шығар. Ал Ақан қомақты қаражатын тәуекел етіп, ең алдымен сол ғалымдардың, зиялы қауымның ықпалымен қарапайым көрерменді ұмытып кеткен. Көрермен киноға әдемі көңіл күй үшін барады. Әрине, мен Қасымды Гладиатормен, Ахиллеспен және Ескендірмен салыстырдым. Мен киноға тарихты зерделеу үшін емес, көңіл күй мен эмоция үшін барамын. Әрине, туындыдан соң тым болмаса Қасымханның кім екенін тағы білу үшін ғаламтордан іздеуге мәжбүрлейді және қайта-қайта көруге тартады”, – деді Баян ханым. 

Ақан Сатаев әріптесінің сынына бейжай қараған жоқ. Алғысын айтып, өз көзқарасын білдірді. 

“Құттықтауыңа рахмет! Мен сенің әділдігіңді үнемі бағалағанмын және бағалаймын. Бірақ адамның бәріне бірдей ұнау мүмкін емес. Оны өзің де білесің”, – деді режиссер.

Желі қолданушыларының бірі продюсерді, бірі режиссерді қолдады. 

“Сіз желіде “Кенесары ханның” премерасына барамын деп жаздыңыз. Бұл – Қасым хан туралы фильм. Өз тарихи тұлғаларыңызды дұрыс білмейсіз деген сөз. Алдымен әлемнің емес, өз тарихыңды оқу керек”, “Бұл кино касса үшін түсірілген жоқ деп ойлаймын. Бұл қазақтың рухын көтеретін дүние. Әр қазақ баласы бір көрсе де ой түйіп, қазақ жерін, елін сүйіп, адал болу керек екенін түсініп шыққаны керек”, “Көңіл көтеру үшін болса, көрермен комедияға барады, көңіл көтерейін деп тарихи драмаға кірмейді”, “Тракторшының махаббаты секілді жасанды актрисалармен ойнаған фильмдерден әлдеқайда артық емес пе?”, “Дегенмен әр қазақ барып көріп, өз пікірін қалып тастырған дұрыс”, “Киноны көрмедім, алайда тарихты кітаптан оқымайтындар үшін, сондай тарихи кинолар керектігі дау тудыра қоймаса керек. Қазаққа қасқа жолды салып кеткен Қасым ханымыздың Ахиллестен несі кем? Әр қазақ міндетті түрде көруі керек деп ойлаймын. Әрине, әркімнің өз пікірін білдіруге құқығы бар ғой, бірақ Баянға ұнамапты деп қарамай қоюға болмас”, “Бұл шынайы достық көңіл, шындықты жазды”, “Шын дос әлемге жар салмайды”, “Мүмкін, бұл да жарнаманың бір түрі”, – деп жазды желі қолданушылары. 

Талқылау