Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Актер Рүстем Жаныаманов Інжілді қазақша дыбыстағаны үшін 3 миллион теңге алған

Танымал актер Рүстем Жаныаманов Жанар Байсемзге берген сұхбатында өміріндегі қызық жағдай туралы айтып берді. Ақша үшін Інжілді қазақша дыбыстаған кездері болған екен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Instagram.com/zhanyamanov_rustem

Актерге қаражаттан қысылған кезде өзіне қызық ұсыныс түскен.

“Кино, телехикаядан күнде ұсыныс түсе бермейді. Арасында дубляжбен айналысамын. Бір күні жұмыссыз қалдым. Сол уақытта қаражат керек еді. Бірде бір адам хабарласып, шақырды. Дубляжбен айналысатынымды айттым. Сөйтіп бір мәтін оқытып, дауысымды сынап көрді. Дауысымды ұнатты, бірге жұмыс істеуді ұсынды. Мәтіннің көлемін, жұмыстың қанша уақытқа созылатынын айтқан жоқ. Ертесі келсем бір десте қағаз дайындап қойыпты. Біреуін алып бастап оқыдым. Сөйтсем Інжілді қазақшаға аударып жатыр екен. Бірде тоқтап қалып “не істейін, жазайын ба, жоқ па” деп ойланып қалдым”, – дейді өнер адамы.

Ол ақша керек болғандықтан бұл ұсыныстан бас тарта алмағанын және бұл жұмысы үшін қомақты қаражат төленгенін жасырмады.

“Бірақ ақша керек. Іштей “жақсы нәрсе ғой” деп тағы ойлап қоямын. Сөйтіп жартысына дейін оқыдым. Алайда ары қарай оқи алмайтынымды, мұсылман екенімді айттым. Ондағылар осыған дейін оқығанымның ақшасын береді екен. Әлгі жерде қатты қиналдым. Десе де соңына дейін оқып бердім. Бір айға жуық бірге жұмыс істедік. Өте жақсы төледі. 3-4 миллиондай бар. Сол кезде ол жақсы ақша еді. Мен үнемі ақша деген нұсқаны таңдаймын”, – дейді актер күліп.

Бұған дейін Рүстем Жаныаманов өнерден кететінін айтқан еді.

Талқылау