Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Актер Рүстем Жаныаманов: Әкем алкоголь ішетін еді, мен оны есімді білгелі іздеп келдім

Бірнеше киноларда түрлі роль сомдаған актер Рүстем Жаныманав отбасы, жеке өмірі жайды ашық айтты. Әкесіз өскен актердің тағдыры шырғалаң. Десе де, бүгінде көпке танымал актер. 

Актер Рүстем Жаныаманов: Әкем алкоголь ішетін еді, мен оны есімді білгелі іздеп келдім

Бұл туралы актер Аман Тасығанға берген сұхбатында айтты.

"Әйелім бар, бала-шағам бар. Әйелім Әуезов атындағы театрда актриса, қазір декреттік демалыста. Анам өгей әкеммен бірге, бізден бөлек. Барып, жақын араласып тұрамыз", - деді актер. 

Айтуынша, 6 жасында ата-анасы ажырасып кеткен. Кейін 40 жасқа таяған шақта анасы екінші рет тұрмыс құрды. Оған қарсылығы болмаса да, бастапқыда қабылдай алмапты. 

"Өзім айтып жүрдім, екінші рет тұрмыс құр деп. Бірақ екінші рет күйеуге шыққанда қабылдай алмай жүрдім. Кейін үйреністік. Өгей әкеммен қатынасымыз жақсы. Туған әкемді балалық шақтан іздегенмін. Араласып, кездесіп тұрамын. Бізден кейін отбасы болған. Ол кісінің ішімдік ішетін кемшілігі бар. Соның кесірінен өмірі дұрыс емес. Бірақ қазір ішімдікті қысқартты. Соған қуанамын. Екінші отбасынан бір қызы бар. Мен ол туралы білмеймін", - дейді Жаныаманов. 

Актер бала күнінен ерке болған. Содан болар эгоистік мінезі бар. Қарындасын да сол қызғаныштан болар, қабылдай алмайды. Дегенмен уақыты келгенде, кездесеміз дейді.

Рүстем Жаныаманов мектеп-интартатта оқыған. Бұзықтығының кесірі өміріне де әсер еткен екен. Интернаттан шығарып жібергеннен соң, актер мамандығы бойынша оқуға түскен. 

"Интернатта талай жалғыз қалған кез болды. Ойға бататынмын. Әкемді ойлайтынмын. Неге деген сұрақ көп мазалайтын. Бұзық болдым. Төбелескендіктен интернаттан қуылдым. Кейін сәті түсіп, Темірбек Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясының колледжіне грантқа оқуға түстім. Солай үш студент бітіріп шықтық", - дейді актер. 

 

 

 

 

 

Талқылау