Актер Рамазан Амантай кино түсіруге ат салысқан түсірілім тобына шетелге демалысқа жолдама сыйлады
Ақын, актер Рамазан Амантай “Әкеге апарар” жол атты кино түсірді. Рамазан өзінің алғашқы кинокартинасының таспалануына үлес қосқан түсірілім тобын Біріккен Араб Әмірлігіне демалысқа жібермек деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
©instagram.com/ramantay
Кинопродюсер бір дастарханда басын қосқан түсірілім тобын қуанышты жаңалықпен сүйіншіледі.
“Кинода жұмыс істеген бүкіл группа және қуанышымызға ортақтасқан әншілер де бар Алматыда өтетін "Әкеге апарар жол" киносының прьемерасына қатысып, келесі күні 3 күнге Абу-Дабиге ұшамыз”, – деп түсірілім тобына өз атынан шетелге демалысқа жолдама сыйлады.
Бұл туралы актриса Дариға Бадықова өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Масқара тірлік істеді мына бала. Жас та болса ешқандай кинопродюсер істемегенді осы жігіт істеді. Бүкіл группаны Абу-Дабиға демалысқа жіберемін дейді. Алтын інім құдай пейіліңе берсін”, – деп Дариға Бадықова әріптесін жер-көкке сыйғызбай мақтады.
Талқылау

Радикализмнен қорғанудың жолы – иммунитет қалыптастыру: Теріс ағымнан сақтануда сақтануда діни білімнің маңызы қандай
Әл-Фараби Болатжан: “Надандық бар жерде радикалдық ағым кең етек жая бастайды”

"Несиенің пайыздық мөлшерлемесі азаяды": Сарапшы коммерциялық банктер тұрғын үй жинағын енгізсе қандай өзгерістер болатынын айтты
Сарапшы: "Бұл ұзақ мерзімді перспективада банктік жүйеге де оң әсер етеді. Уақыт өте келе қаржыландыру арзандайды, яғни ставкалар төмендеп, неғұрлым қолайлы деңгейге жетеді”