Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтаулық әйел үйін жәндіктерден залалсыздандырамын деп екі көршісін улап өлтірді

Ақтауда екі адам белгісіз иістен уланып көз жұмып, тағы алтауы ауруханаға шұғыл түрде жатқызылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

дезифнекция

"Ақтау тұрғыны көршілерін ескертпей, жәндіктерді өлтіруге арналған "Квикфос" препаратымен үйін залалсыздандырмақ болған. Салдарынан көрші пәтерде қызы мен анасы иістен уланып көз жұмды. Аталмыш оқиға бойынша сот сараптамасы тағайындалды", - деді қоғамдық коммуникациялар орталығы. 

Қазіргі таңда оқиға бойынша тергеу басталып кетті. 

Еске салайық, бұған дейін Түркістан облысында әйел мен оның төрт баласы көз жұмғаны айтылған еді. 

Талқылау