Ақтауға ұшақ апатынан зардап шеккен ресейліктерді алып кету үшін Ресейден арнайы борт келді
Ақтау маңында апатқа ұшыраған ұшақта зардап шеккен ресейлік жолаушыларды алып кету үшін Қазақстанға Ресейдің төтенше жағдайлар министрлігінің Ил-76 ұшағы келді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Интерфакс” басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: ТЖМ
Ресейден келген арнайы бортта Центроспас отрядының дәрігерлері де бар.
“Ресей Төтенше жағдайлар министрлігінің арнайы бортымен Ақтауға Центроспас отрядының дәрігерлері, төтенше психологиялық көмек көрсету орталығының психологтары, сондай-ақ Денсаулық сақтау министрлігінің бір топ мамандары мен медициналық құрал-жабдықтарын алып келді”, – делінген хабарламада.
Еске салсақ, Ақтау маңында Бакуден Грозныйға ұшып бара жатқан "Azerbaijan Airlines" әуе компаниясына тиесілі жолаушылар ұшағы құлағаны туралы жазған едік. Желіде ұшақтың ішінде апатқа дейін және кейін түсірілген видеолар пайда болды.
Айта кетейік, Ақтау маңындағы ұшақ апатынан 38 адам қаза тапқаны белгілі болды. Ұшақтағы қазақстандықтардың барлығы көз жұмды.
Алматы әкімдігі автобус парктеріне 15 миллиард теңгеден астам қарыз: Автобустар қысқара ма
Жолаушылар тасымалы субсидияның кешіктірілуіне байланысты мәселе көтерген
Қазақстандық компаниялардың акциясы соңғы 5 жылда қалай өзгерді
Қазақстандық компаниялар аймақтағы ірі бизнес рейтингінде де алдыңғы қатарда