Қазақстандағы ұшақ апатында қаза тапқандардың денесі Әзірбайжанға жеткізіледі
Әзірбайжанның төтенше жағдайлар министрлігі мен әуетасымалдаушы Ақтау маңындағы Azerbaijan Airlines ұшақ апаты кезінде опат болғандардың денесі жақын арада Бакуге жеткізілетінін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Комерсантъ басылымына сілтеме жасап хабарлады.

Фото: ТЖМ
Ұшақ апаты кезінде опат болғандардың денесі жақында Әзірбайжанға жеткізілмек.
Сондай-ақ әуе компаниясы зардап шеккендерді тасымалдау үшін арнайы рейс ұйымдастырылатын мәлім етті. Алайда аман қалғандар дәрігерлер науқастардың денсаулық жағдайы мүмкіндік беретінін растаған жағдайда ғана тасымалданады.
Еске салсақ, Ақтау маңында Бакуден Грозныйға ұшып бара жатқан "Azerbaijan Airlines" әуе компаниясына тиесілі жолаушылар ұшағы құлағаны туралы жазған едік. Желіде ұшақтың ішінде апатқа дейін және кейін түсірілген видеолар пайда болды.
Қазір апат болған Түпқараған ауданында жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жарияланды. Ұшақ апатынан 38 адамның қаза тапқаны белгілі болды.
Қазақстандық әженің үйін жөндеуге келген еріктілер шатырдан 8 пакет ақша тауып алған: Кейуана оны қайыр тілеп жинаған
Ерікті: "Ақшаның тең жартысы тиын"
“Мәселе мәдениетте емес”: Мамандар Қайрат Нұртастың концертіндегі халық әрекетіне баға берді
Мамандар мұндай жағдайлардың тек Қазақстанда емес, өзге елдерде де кездесетінін атап өтті