Маңғыстауда құлаған ұшақ бұған дейін Түркияға апат жағдайында қонған – БАҚ
Ақтау маңында құлаған Azerbaijan Airlines әуекомпаниясының (AZAL) ұшағы бұған дейін Түркияда апатты жағдайда қонғаны белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Yeni Akit басылымына сілтеме жасап хабарлады.

Фото: ТЖД
Басылымның мәліметінше, Ақтау маңында апатқа ұшыраған ұшақ 22 желтоқсанда Баку-Трабзон бағытында ұшқан.
“Радар деректеріне сәйкес, J2804 рейсімен Бакуден Трабзонға ұшып бара жатқан ұшақ Трабзон әуежайына жеткенде ұшу-қону жолағынан шығып кетіп, ұшқыш ұшақты екінші ретте ғана қондырған.
Еске салсақ, Ақтау маңында Бакуден Грозныйға ұшып бара жатқан "Azerbaijan Airlines" әуе компаниясына тиесілі жолаушылар ұшағы құлағаны туралы жазған едік. Желіде ұшақтың ішінде апатқа дейін және кейін түсірілген видеолар пайда болды.
Айта кетейік, Ақтау маңындағы ұшақ апатынан 38 адам қаза тапқаны белгілі болды. Ұшақтағы қазақстандықтардың барлығы көз жұмды.
2026 жылы шетелдік көрмелерге Алматы әкімдігі 1 млрд теңге жұмсайды: Делегациялар Дубай, Токио және Гонконгқа барады
Әр көрмеге орта есеппен 80 миллион теңгеден қарастырылған
"Ағаш сындырып, от жаққан, пиротехника атқан": Алматылықтар Бұтақты мен Көкжайлаудағы күл мен қоқысқа шағымданды
Тауға демалуға барған жұрт от жағып, тамақ пісіруге тыйым салу керек десті