Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтаудағы тұтқындар коронавирусқа қарсы вакцинаны мәжбүрлеп салып жатқанына шағымданды

Ақтаудағы тұтқындар коронавирусқа қарсы вакцинаны мәжбүрлеп салып жатқанына шағымданды. 27 жастағы ер адам 14 мамырда видеоүндеу түсірген, бірақ ол енді ғана желіге жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Астана" арнасына сілтеме жасап.

Александр Мамаевтың айтуынша, тұтқындар жалпы жиын кезінде рәсімнің ерікті-мәжбүрлі тәртібі туралы естіген. Бас тартқан жағдайда, сотталғандарды туыстарымен кездестірмей, сәлемдемелерден айыратынын ескерткен.

"Түстен кейін вакцинациядан бас тартатынымды жазуға бардым, сол арқылы рор бойынша орынбасары, әділет подполковнигі Н.Әбілханов және замполит Шабиков А. олар маған тікелей мәтінмен егер бас тартсам, менен "жеңіл" режимді алып тастап, қудалаймыз деп қорқыта бастады. Мен көмек сұраймын. Егер маған бір нәрсе болса, мекеме басшысын, рор орынбасары мен замполитті айыптаңыздар", - деді сотталушы Александр Мамаев.

Бұған жауап ретінде қылмыстық-түзету жүйесі департаменті темір тордың артында вакцинация тек ерікті түрде жүргізіліп жатқанына сендірді. Ведомство сотталушылар мұндай үндеулерді ұстау режимін жұмсарту мақсатында жазады деп санайды.

"Мұндай жағдай манипуляция құралына айналды. Колонияның қалыпты жұмысын бұзу. Режимді әлсіретіп, қоғамдық пікірді тудыру және осылайша әкімшілікке қысым жасау. Сотталушыға бейнеүндеу үшін ештеңе болмайды, оны ҰМК, ҰАТ өкілдері, сондай-ақ Департамент басшылығы қабылдайды, әңгімелеседі. Ұялы телефонды пайдаланғаны үшін сөгіс түрінде жаза қарастырылған", - деді Маңғыстау облысы ҚАЖД баспасөз хатшысы Роман Теленков.

Айтпақшы, өтінішті жазған сотталлушы адам қарақшылық үшін жазасын өтеп жатыр. Оның бас бостандығынан айыру мерзімі келесі жылы аяқталады. Жалпы, бұл колонияда COVID-19 вакцинасын 700 жүз сотталушының жартысына жуығы алған.

Талқылау