Ақтаудағы балабақшада 12 балаға бар-жоғы 4 тәрелке тамақ берілген (видео)
Ақтаудағы балабақшада 12 балаға бар-жоғы төрт тәрелке тамақ берілген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото видеодан алынған
Ақтау қаласындағы №29 балабақша тәрбиелеушілерінің балаларды тамақтандырып жатқан сәті бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Видео әлеуметтік желіде жарияланды.
Ата-аналарының айтуынша, 12 бүлдіршінге таңғы асқа тек бес порция, ал кешкі асқа төрт порция тамақ берілген.
"Үлгергендер тәрелкені алып алды, ал үлгермегендер басқалардың тамақ ішіп жатқанына қарап отырды", – дейді ата-аналар.
Павлодардағы балабақшада психоневрологиялық есепте тұрған әйел жұмыс істеген
Сондай-ақ тағы бір ана басшылық ауысқан соң мекемедегі балаларға деген көзқарас өзгеріп, баласын басқа балабақшаға ауыстыруға мәжбүр болғанын атап өтті.
Қалалық білім басқармасы бұл факті бойынша арнайы комиссия құрылып, дүйсенбі, 1 шілде күні тексеру жүргізетінін мәлімдеді.
Еске салсақ, бұған дейін Түркістан облысындағы жекеменшік балабақшада 34 бүлдіршін уланып қалғаны туралы жазған едік.
Боксшыларға жасалған жағдай бізге де жасалу үшін Олимпиада чемпионы болу керек — Ауыр атлетикадан Әлем чемпионы Нұрғиса Әділетұлы