AAPL
149.32 $
0.46 %
TSLA
1018.43 $
-0.63 %
NDAQ
201.48 $
-0.01 %
GOOGL
2786.17 $
1.35 %
FB
315.81 $
-3.92 %
FRHC
66.35 $
-0.41 %
AAPL
149.32 $
0.46 %
TSLA
1018.43 $
-0.63 %
NDAQ
201.48 $
-0.01 %
GOOGL
2786.17 $
1.35 %
FB
315.81 $
-3.92 %
FRHC
66.35 $
-0.41 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтауда жүргізуші түйенің кесірінен қаза тапты: Туыстары марқұмның денесін мәйітханадан ала алмай жүр

Ақтауда көлік жүргізушісі түйемен соқтығысып, ауруханада алты күннен кейін қайтыс болды. Оның туыстары беталды жүрген түйенің иесін және қарсы бағыттан келген көліктің тізгіншісін қатаң жазалауды талап етеді. Бұл жайында Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

туйе

Жол-көлік оқиғасы 11 қыркүйекте таңғы сағат 06:15-те Ақтау-Жаңаөзен тас жолының айналма бөлігінде қазіргі уақытта жаттығулар жүріп жатқан жерде болған. 

Kia Cerato жүргізушісі, туыстарының айтуынша, қарсы бағыттағы көліктің жарықшамдарының әсерінен жолға шығып кеткен түйені көрмей қалған. Салдарынан көлік қаңғыған жануармен соқтығысады.

Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем жарақат алған жүргізушіні Жаңаөзен ауруханасына жеткізген. Осы көлікте болған жолаушы зардап шекпеген.
17 қыркүйек күні түстен кейін Kia Cerato жүргізушісі ауруханада қайтыс болғанын мәлімдеді туыстары. Оның денесі Ақтау қаласындағы 1-шағын ауданның мәйітханасына жеткізілген.

машина дтп

Марқұмның ағасы Есет Мәмбетовтің айтуынша, облыстық полиция департаментінің Инстаграмдағы парақшасында түйенің иесінің кім екені анықталып, оған айыппұл салынғандығы хабарланған. Алайда тергеуші оған мал иесінің әлі табылмағанын айтқан.

Туыстары орын алған оқиға бойынша әлі тергеу жүргізілмегеніне наразы. 


Түйе жайлы қызықты деректер >>>

Есет Мәмбетовтің сөзінше, қарсы бағыттағы көлік те түйемен соқтығысқан. Ол бірден эвакуаторды шақырып, оқиға орнынан кетіп қалғандықтан, көліктің маркасын да нөмірін де ешкім байқап үлгермеген.

"Біз оның денесін мәйітханадан ала алмай отырмыз. Дәрігерлер сараптама жасау үшін аутопсия жасау керектігін айтады. Сонымен бірге қайтыс болу куәлігі де әлі дайын емес", – дейді марқұмның туысы.

Есет Мәмбетов туыстарымен қарсы жақтан келе жатқан көлікті тауып, қылмыстық жауапкершілікке тартпақ.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр