Ақтауда жүргізуші кішкентай баланы рөлге отырғызған - Полиция түсініктеме берді
Полиция қызметкерлері Ақтау рөлге баланы отырғызып, видеоға түсіп қалған жүргізушісінің жеке басын анықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Куәгер Ақтаудағы Mitsubishi Lancer автокөлігін видеоға түсіріп алған. Жүргізуші кішкентай баланы тізесіне отырғызып көлік жүргізген. Видео желіде тез таралып кетті.
"Әлеуметтік желілерді бақылау кезінде YouTube арнасының парақшасында 22 қыркүйекте видео жарияланды. Ақтау полиция басқармасының патрульдік қызметі батальонының қызметкерлері аталған факті бойынша Mitsubishi Lancer автокөлігінің жүргізушісіне қатысты әкімшілік хаттама толтырды. Жүргізушімен профилактикалық әңгіме жүргізілді", - деді Маңғыстау облыстық полиция департаментінің бастығы Жанарбек Бақтыбаев.
Жергілікті басылымның мәліметінше, кінәлі адам 13 890 теңге көлемінде айыппұл төлейді.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі