Ақтауда жоғарғы қабаттан секіріп кетпек болған қыз іздестіріліп жатыр
Полиция көпқабатты үйдің терезесінен секіріп кетпек болған қызға іздеу салды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

3 наурыз күні 32б шағынауданындағы "Amanat" тұрғын үй кешенінде әйел адам суицид жасамақ болды. Полицияның мәліметінше, терезеден секірмек болған 20 жастағы қызды райынан қайтарып, құтқарып қалған. Содан кейін ол белгісіз бағытта үйден шығып кеткен.
- Түркістан облысында қаржы жымқырды деп айыпталған білім бөлімінің бухгалтері өзіне қол жұмсады
- Талдықорғанда 20 жастағы курсанттың мәйіті табылды
“Қазір іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр”, – деп мәлімдеді полиция.
Бұған дейін суицид туралы 8 мифті жазған едік.
"Көмектесіңіз мен оны танымаймын деп жылады": Алматы облысында бейтаныс ер адам кішкентай баланы ұрламақ болған
Тұрғын: "Ер адам баланың ұлы екенін, жай ғана үйге кіргісі келмей тұрғанын айтты”
Ай сайын ит-мысықты асырауға 8 миллион теңге жұмсаймын
Панажай иелері күштеп жабуға тап болып отырғанын айтты