Тоқаев Үндістан мен Кореяға ресми іссапармен барады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 12-16 қыркүйек аралығында Үндістан мен Оңтүстік Кореяға сапармен барады. Президент БРИКС саммитіне және “Орталық Азия – Корея республикасы” алғашқы саммитіне қатысады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Президент Нью-Делиде “Орнықтылықты, инновацияны, ынтымақтастық пен тұрақтылықты нығайту” тақырыбына арналған “аутрич”/”БРИКС+” форматындағы пленарлық отырыста сөз сөйлейді. Сапар аясында Үндістан премьер-министрі Нарендра Модимен келіссөз жүргізу, бірқатар мемлекет және үкімет басшыларымен кездесу жоспарланған.
Ал 14-16 қыркүйекте Тоқаев президент Ли Чжэ Мёңнің шақыруымен Корея республикасына мемлекеттік сапармен барады. 15 қыркүйекте Сеулде жоғары деңгейде келіссөздер жүріп, қазақ-корей кеңейтілген стратегиялық серіктестігін нығайту перспективасы талқыланады. Бұдан бөлек, президент Кореяның ірі компаниялары жетекшілерімен кездеседі. 16 қыркүйекте мемлекет басшысы “Орталық Азия – Корея республикасы” бірінші саммитіне қатысады.
Айта кетейік, бұған дейін Тоқаев Дүниежүзілік кеден ұйымының басшысымен "ақылды шекара" мәселесін талқылағаны туралы жазған едік.
Қазақстандықтар круизбен әлем аралаймыз деп сотталған әйелге алданып қалған
