Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның Малайзия мен Грузиядағы жаңа елшілері тағайындалды

елшілер
Фото: Коллаж Stan.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Қазақстанның Малайзия мен Грузиядағы Төтенше және Өкілетті елшілері тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Тиісті жарлыққа мемлекет басшысы қол қойды. 

“Мәлік Кеңесбайұлы Мырзалин Малайзиядағы Төтенше және өкілетті елші болып тағайындалды. Ол Қазақстанның Грузиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды. Талғат Мүбәракұлы Адуов Грузиядағы Төтенше және өкілетті елші лауазымына тағайындалды”, – делінген жарлықта. 

Ал Болат Сүгірбаев Малайзиядағы Төтенше және өкілетті елші, Қазақстанның Бруней-Даруссаламдағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды.

Айта кетейік, бұған дейін Эльдар Толғанбаев Президенттің көмекшісі болып тағайындалғаны туралы жазған едік. 

Нұрила Жұмаділлә
Жұма, 11 Қыркүйек, 2026 09:29