Ақтауда жезөкшелер притонын көлегейлеп келген полицейлер қызметтерінен қуылды
Ақтауда жезөкшелер притонының қызметін көлегейлеп келген полиция қызметкерлері жазаланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ішікі істер министрлігінің өкілдері мәлімдеді.
"10 сәуір күні полицейлердің бұл әрекеттері әшкере болғаннан кейін олар жұмыстан босатылды. Тәртіп сақшыларының басшылығы қатаң тәртіптік жазаға кесілді", - делінген ресми хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Ақтауда жеңіл жүрісті қыздардың ісіне көз жұма қараған полицейлер туралы айтылған еді. Екі шетел азаматшасы коронавирус жұқтырғаны мәлім болған.
Бұған қоса полицейлер коронаиврус жұқтырған науқастың жезөкшелермен байланыста болғанын жасырып қалмақшы болыпты.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан