Ақтауда жантүршігерлік жол апатынан өрімдей жас жігіт көз жұмды
Ақтауда "Lada Largus" жүргізушісі жол апатынан оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Маңғыстау облыстық ауруханасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2002 жылы туған "Lada Largus" жүргізушісі апат орнында қайтыс болды. Зардап шеккен бір жолаушы ауруханаға жеткізілген.
"Ауруханаға 2002 жылы туған жас жігіттің мәйіті жеткізілді. Сондай-ақ апаттан зардап шеккен қыз бала да ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оған медициналық көмек көрсетті. Алдағы уақытта амбулаториялық ем алуы керек”, – делінген облыстық аурухананың баспасөз қызметі таратқан баспасөз хабарламасында.
Жол-көлік оқиғасы 20 шілде күні сағат 23:30 шамасында Ақтаудың 7 шағын ауданында болған. Жолда "Toyota" және "LADA Largus" маркалы көлік соқтығысқан. Салдарынан "Toyota" көлігі аударылып қалған.
"Екі дипломым бар, 5 тіл білемін": Қазақстандық ару Англияда саңырауқұлақ терумен айналысып жүр
Лаура: "Толықтай табыс 7 миллион теңгедей"
Қазақстандық қария 67 жылдан кейін бауырымен қауышты: Олар бір-бірін TikTok арқылы тапқан
Айкерімнің айтуынша, әкесінің отбасы шекара бөлінген кезде Қытай аумағында қалып кеткен